Ұлан қызметіне – оң баға

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының ұжымы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Борис ЗОРИНМЕН жүздесті. Жиын барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері қаралды.

Қалалық мәслихат депутаты, «Стоматологиялық бірлестік» ЖШС-нің бас директоры Борис Зорин Ұлттық ұланның жауынгерлік қызметіне және табыстарына оң баға берді.

«Орталық» өңірлік қолбасшы­лығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс­тары жөніндегі орынбасары, полковник Савердин Имировтың бас­­шылығымен өткен кездесуде офи­церлер халық қалаулысына сұ­­рақтарын қойды. Сонымен бірге әс­керилер үшін облыстық, қалалық әкімшілік қорынан жалдамалы тұрғын-үй, жатақханада тұру, қоғамдық көліктерде тегін жүру секілді бірқатар әлеуметтік мәселелер қарастырылды.

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты өзінің негізгі кәсібі тіс дәрігері болғандықтан, Ұлттық ұланға қарасты мерзімдік әскери қызметшілердің тістері ауырған жағ­дайда жедел көмек көрсету және емдеу қызметін тегін көрсетуге дайын екендігін айтты. Осы тұрғыда «Стоматологиялық бірлестік» ЖШС және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы арасында меморандумға қол қою жоспарланды.

Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың ұйымдастыруымен депутаттармен біріге отырып әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында 5451 әскери бөлімінде кездесуді алға тартты.

Қ. ДОСҰЛЫ,

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.