Жаңалықтар

Лайықты құрмет

      Газет жанашыры, ұлағатты ұстаз Төлеген АРКОНОВҚА Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

       Сүйіншілі хабарды Төлеген Жұмашұлының өзінен естідік. Лайықты баға!

       Құрметті азамат бар ғұмы­рын ұстаздыққа арнаған. Ұлы ма­­мандыққа!

       Ұлағатты жанның еңбегі бұған дейін де бірнеше марапатпен бағаланды. Ол – Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, КСРО оқу ісінің үздігі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Кәсібіне адал­дығы үшін облыс әкімінің сый­лығымен мара­патталған.

       Ұзақ жылдар бойы бұрынғы Егіндібұлақ ауданының білім бөлімін басқарған Төлеген Жұ­машұлы сексеннің сеңгіріне шықса да бала тәрбиесінен қол үзген жоқ. Қазіргі күні Қа­ра­ған­дыдағы №77 мектеп-ба­ла­бақша кешенінде физика пәнінен сабақ береді.

       Өңірдің өз ұлдарын осылай құрметтегені қандай жарасымды!

        Марапат құтты болсын!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button