Абай

Куәліктер тапсырды

   Жуырда Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 16 жасқа толған 25 жас-өспіріміне әскери тіркеу куәліктері тапсырылды. Абай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник Қанат Әбілханов жастарды отаншылдыққа баулу, борыш пен міндеттің маңыздылығы тоқталып, олардың Отан алдындағы борышы мен құқықтарын түсіндірді.

Айта кету керек, әскерге тіркеу куәлігін беру науқаны наурыздың соңына дейін жүргізіледі. Статистикаға сүйенсек, биыл облыс бойынша 17 жастағы 6000 жасөспірім әскери тіркеуге алынған. Бұл іс-шаралар әскери қызметке шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға мүмкіндік береді.

М.БАЛКЕЕВА.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button