Абай

Кооперативтерді дамыту – маңызды

    Экономиканың маңызды салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – өндірістің негізгі саласы, агроөнеркәсіптің жетекші саласы болып табылады. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында агро-өнеркәсіп секторы ерекше орын алады.

АӨК-ні дамыту бағыттарының бірі – ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту болып табылады. Мұнда Президент «бес жылдың ішінде 500 мың үй шаруашылықтары мен фермерлерді кооперативтерге біріктіру» бойынша тапсырма берген болатын. Соған сәйкес Абай ауданында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Бірлесіп бас қосып, кооперативтер құру — заман талабы. Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, кәсіпкерлер үшін де мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді болады.

Ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыру аясында агроөнеркәсіп кешені өнім көлемін ұлғайту мақсатында ауданда 198 жеке қосалқы шаруашылықтардың қатысуымен 7 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар Көксу ауылдық округіндегі «Аскар АС» АӨК, Самарка ауылдық округіндегі «Фард +» АӨК, Сәрепті ауылдық округіндегі «Людмила» АӨК, «Қоянды-2017» АӨК, Қарағанды ауылдық округіндегі «Тансары» АӨК, Есенгелді ауылдық округіндегі «Арқа сүті-2020» АӨК.

«Арқа сүті-2020» агроөнеркәсіп кешені  (“Ауыл сүт” ЖШС негізінде құрылған) қазіргі күні  кооператив тұрғындардан сүт өнімін жинаумен айналысады, сүт өңдеу кәсіпорнына сүт өнімін жеткізу үшін «Nәtige» ЖШС – мен келісім-шартқа отырған. (Есенгелді ауылынан, Жаманжол ауылынан, Құлаайғыр ауылынан). Мұнда 2 сүт қабылдау бекеті бар: Есенгелді ауылдық округінде – сыйымдылығы 9 тонна, Жаманжол ауылдық округінде – сыйымдылығы 2 тонна. Қазіргі күні «Nәtige» ЖШС-не  290 тонна сүт тапсырылған.

«Людмила – 2030» АӨК жақсы жұмыс істеп тұрған кооперативте тұрғындардан сүт өнімін жинаумен айналысады, сүт өңдеу кәсіпорнына сүт өнімін жеткізу үшін – мен  келісім-шартқа отырған. Бүгінгі таңда кооператив Теміртау қаласындағы «Ren Milk» ЖШС 94,2 тонна сүт өнімін тапсырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Ауыл халқын тиімді жұмыспен қамту және әлеуетін арттыру үшін барлық күшті жұмсау қажет. Қазір мемлекет қолдауының басым бөлігі кооперативтерге бағытталып келеді.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button