Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялықштаб) алғашқы отырысы өтті. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Инновациялық штаб Премьер-Министрдің тапсырысы бойынша құрылды. Оның негізгіміндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомоствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етужәне елдің технологиялық басымдықтарын айқындау.
Отырыста Қазақстан Республикасында инновациялар дамытудың тұжырымдымалық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру, өңірлік инновациялық жүйелерді дамыту және кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Бұл жұмыс нәтижесінде инновациялық белсенділікті арттыруға, Қазақстанның Жаһандық инновациялар индексіндегі орнын нығайтуға, жаңа салаларды дамытуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін басқарылатын инновациялық жүйе қалыптастыру көзделіп отыр.
Жаңа модельдің негізгі идеологиялық өзегі – «Инновацияны ғылым арқылы дамыту» тәсілінен «Ғылымды инновация арқылыдамыту» қағидатына көшу. Оның мәні – дайынозық технологияларды игеріп, ел жағдайына бейімдеу және осы негізде отандық ғылымдыдамыту. Яғни мемлекет процестің өзіне емес, нақты нәтижеге қаржы бағыттайды.

Жиын қорытындысы бойынша Инновацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мақұлданып, мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және бизнес-сектор өкілдеріне құжат жобасына нақты ұсыныстаренгізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар барлық өңірде мүдделі тараптардың қатысуымен ғылыми-технологиялық сессиялар өткізу кестесін бекітутапсырылды. Бұл сессиялар бизнестің нақты технологиялық сұраныстарын айқындауға бағытталмақ.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



