Әкімдік әлеуетін танытпақ

   Қарағандыда әлеуметтік әлсіз топтарға қамқорлық назары күшеюде. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтарды жұмыспен қамту ісін қалалық әкімдік қолға алуда.

Биыл қалалық әкімдікке 231 мүмкіндігі шектеулі жан көмек сұрай келіпті. Оның, тек, 74-і еңбекке орналастырылған. Жаңашыл бастама бұл бағыттағы жұмысты ширатуға бағдарлануда.

Енді жергілікті атқарушы орган кез келген кәсіпорынға жоғарыда көрсетілген топтар өкілдерін жұмысқа орналастыруға құқылы. Яғни, бұл үшін арнайы квота қарастырылған. Сәйкесінше, квота көлемі – 50-100 жұмыс орны бар мекемеде – 2 пайызды, 100-250 жұмыс орны бар мекемеде – 3 пайызды, 250-ден астам жұмыс орны бар мекемеде – 4 пайызды құрайды. Егер, кәсіпкерлер аталған жандарды жұмысқа қабылдаудан бас тартса, әкімшілік жазаға тартылады.

Жаңа ереже негізінде аймақтағы 300 кәсіпорынға хат жолданған. Әйтсе де, бұлардың 75-і ғана біріге жұмыс істеуге келісім беріп отыр. Барлығы мемлекеттік үлеспен қамтылған ұйымдар. Өзгелері ат-тондарын ала қашуда.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.