Кездесуде – өзекті тақырып

    Жуырда облыс орталығындағы «Нұрлы Білім» қоғамдық бір­лестігінің өкілі, дінтанушы Рүс­тем СЫЗДЫҚОВ Қаражал қаласы орта мектептерінің жоғарғы сы­нып оқушылары және техника­лық тау-кен колледжінің студен­т­терімен мақсатты кездесу өт­кізіп, діни экстремизм мен лаңкес­тік әрекеттердің алдын алу мә­селесі туралы сөз қозғады.

    Жүздесу барысында діни таным-өресінің тарлығы себепті радикалды топтардың жетегіне еріп, Сирияға аттанған қандастарымыздың қателіктері әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар, мешіттен тысқары жерде айтылатын ақпараттарға ден қоймау, ғаламтордан тек қана мүф­тияттың сайтынан мәлімет алу және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптарды ғана оқу қажеттілігі тілге тиек етілді. Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы екендігін жете түсіндірген дінтанушы кесдесуге қатысушы жастардың алуан түрлі сауалдарына да тұщымды жауаптар қайтарды.

    Рүстем Сыздықов одан кейін қала аумағындағы мекеме-кәсіпорындардың басшыларымен арнайы жиын өткізіп, жалпы қоғам үшін өзекті тақырып­қа айналған мәселе төңірегінде кең көлемді түсінік берді.

    Мағынасы терең, маңызы зор кездесулерге қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Дулат Дайыр қатысып отыр­ды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.