Кенттегі мерекелік концерт
Биылғы Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.Осы қос мерекеге байланысты Топар кентіндегі “Энергетик” Мәдениет концерт болды.

Осында жиналған кент тұрғындары алдында жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп,ән мен күйден шашу шашып,мың бұрала биледі.
Концертті жас дарын Айсұлтан Жоқанов “Қазақстан” әнімен бастап,”Арманай” тобының бишілері “Қазақ биімен ” жалғастырса,Ирина Габайдуллина “Радость привет” әнін орындады.
Келесі сәтте “Поющие сердца” хоры “Колхозная” әнін шырқап,Ақерке Салтанатқызы мен Нұрайым Ром “Сарыжайлауым”,Жанымхан Інжу Естайдың “Қорлан” әндерін тамылжытса,”Детвора” тобы “Дружба” биін ұсынып,концертті Жан Бөдеева “Қазағым” әнімен тәмамдады.
Зал толы көп ұлтты кент көрермендері олардың өнерлеріне сүйсіне қол соғып,көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Суреттер автордан