Басты тақырып

Кеншілердің отбасына көңіл айтты

   Қарағанды облысының әкімі «Саран» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына барып, көңіл айтты.

Аймақ басшысы отбасына, туған-туыстарына өзінің және барша облыс жұртшылығы атынан көңіл білдіріп, оларға жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.

Ауыр қаза кезінде сөз табу да оңай емес. Иманы саламат болсын, жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Қайғыларыңызға ортақтасып, бүгін өзім және менің орынбасарларым, қала және аудан әкімі арнайы келіп отырмыз. Сіздердің қайғыларыңызды бөлісе отырып, көңіл айтамыз. Болған іске болаттай берік болыңыздар. Біз сіздермен бірге екенімізді ұмытпаңыздар, – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Естеріңізге салсақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Саран» шахтасында апат болып, төрт адам қаза тапты. Олар – 32 жастағы Мейрам Жанысбаев, 56 жастағы Эдуард Лесников, Мұрат Нұрмағамбетов және 52 жастағы Михаил Патин.

Қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ туған-туыстарына жан-жақты көмек көрсетуде. Қайғылы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Шахта штаттық режимде жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Мақажанов атындағы ауруханада болып, науқастардың халін білді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button