Кауiп сейiлер емес

     Қарқаралы ауданында бірқатар қауіпті аймақтарды су басу қаупі сейілер емес. Қайғылы жағдай Бесоба ауылдық округінде орын алды.

Облыстық маңызы бар Қарағанды – Ынталы – Бесоба бағытындағы автокөлік жолында, Бесоба ауы­лынан 13 шақырым жерде «УАЗ» автокөлігі алдыңғы дөңгелегімен шұң­қырға түсіп, су толы жол жиегіне оң жағымен жантайып құлаған. Көлік ішінде 9 адам болған. 6 адам дер уақытында тысқа шығып, қалған үш адам су екпінімен ағып кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, ағып кеткен үш адам – көлік жүргізушісі Болат Абилдинов және екі жолаушы Жанболат Мажитов, Ерасыл Дарханұлы­ның денелері табылды. Ал жылқы іздеп шығып, Нұркен ауылында 2 сәуір күні кешкілік уақытта Қопа өзеніне ағып кеткен ағайынды екі жігіт Сайран Сәбитов пен інісі Дарханды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су құрсауында қалған Ақшоқы және Талды станциясының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Сәуірдің 2 күні қауіптің беті сейілгеннен кейін Талды ауылының тұрғындары үйлеріне қайтарылды.

Бүркітті ауылын судың қаупінен сақтау мақсатында ағынды су келген жаққа 3 шақырым жерге топырақ төгіліп, тілсіз жаудан ауыл аман қалды.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.