Шет

Кәсіпорын қамқорлығы

     Ақжал кентіндегі «Nova Цинк» ЖШС аналар мерекесіне орай, қыз-келіншектерге құрмет көрсетті. «УГМК-Холдинг» ЖШҚ басшылығы тарапынан ұжымда еңбек ететін көп балалы аналар отбасыларына 3629400 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

    Салтанатты рәсім кенттегі «Ақжал» кафесінде өтті. Шарада «Nova Цинк» ЖШС Бас директоры Сүйіндік Асан, «Nova Цинк» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Қаппаров көктемнің алғашқы лебімен келіп жеткен халықаралық мейраммен әйелдер қауымын құттықтады.

   «Шұғыла» мәдениет үйінде Ақжал кенті әкімшілігімен біріккен үлкен мерекелік кеш өтті. Ақжал кентінің әкімі Д.Молыбаев көпбалалы аналарға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйлады. «Nova Цинк» ЖШС-нің ұжымы кәсіпорынында талай жыл тер төккен 75 ардагер қарияға 550 мың теңге көлемінде сыйақы үлестірді. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Nova Цинк» ЖШС-нің әлеуметтік бөлімі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button