Кәсіби жетілу – маңызды міндет
Президент Жолдауда маман даярлау мәселесіне басты назар аударды. Жалпы елімізде адами капиталдың сапасын жақсарту, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» түсінігі жиі айтылып келеді. Осыны нақты іске асырудың бағыттары Жолдауда нақтыланды. Оның бір дәлелі – 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланғаны.
Биыл орта және кәсіптік арнаулы оқу орындарының мәселесі шешіледі. Бұл орайда колледждер мен кәсіптік оқу орталықтарының жұмыстарын бизнеспен байланыстыру, оған биліктің назарын аудару барынша қолға алынатыны белгілі. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, бизнес өкілдіктері бірлесе жұмыс атқарады.
Жолдауда Президент мемлекеттік аппаратты дамытуға қатысты ойымен бөлісті. Мемлекеттік аппараттың адами әрі кәсіби әлеуетін арттыруға қатысты Үкімет пен Мемлекеттік қызметтер агенттігіне нақты тапсырмалар берілді. Мемлекеттік органдар және жергілікті билік осы бағытта жұмыс істейді деген ойдамын.
Көптен бері айтылып жүрген пилоттық режимде іске асырылған қала, аудан әкімдерінің сайлауы 2025 жылы толығымен қолға алынатын болады. Бұл мемлекеттік қызметке кәсіптік салалардан, бизнестен келетін адамдарға нақты жол ашылады деген сөз. Бұларға қойылатын кәсіби талап жоғары болуы керектігі де айтылды. Олардың кәсіби әелеуетін арттыруда академия мен өңірлік филиалдары осы бағытта өздерінің бағадрламаларын әзірлеп, жұмыстарын жандандырады.
Серікжан БАЙБОСЫНОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
ҚОФ директоры