Қарағанды

Көреген көшбасшы

    Қазіргі таңда Ұлт Көшбасшысының күш-жігерінің арқасында біз басқа мемлекеттердің бізге қызығатындықтарын мақтанышпен айта аламыз. Әрқайсымыз біздің қоғамымыздың дамуына оң үлес қосу үшін тең мүмкіндіктерге ие болатын, біздің балаларымыз бен немерелеріміз өмір сүретін қоғам құрылды.

Сонау 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жас баладай жаңадан тәй-тәй басқанбыз. Бұл еліміз үшін қиын-қыстау кезеңді басып өткен жылдар болды. Сол жылдардан Қазақстан мемлекетін президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы парасатты саясатының арқасында талай қиындықтарды жеңіп, «Қазақстан-2050» стратегиясын қалыптастырып, жаңа саяси бағытқа нық аяқ басты. Бұл стратегияда ХХІ ғасырдың дамыған 30 елінің қатарына ену нысандалған болатын. Назарбаев әлем өркениеті қалыптастырған жақсы тәжірибелерді Қазақстан мемлекеті мен ұлттық менталитеті тұрғысынан байланыстыра отырып, үнемі тың ізденістер мен ұсыныстар айтып келеді. Айта келгенде, бұл Қазақстанның әлемдік дағдарысқа қарамай-ақ, 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасын жасақтауға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.

Бүгінгі күні жүз мыңдаған жас мамандар бүкіл мемлекеттік секторларда қызмет етеді. Олардың көпшілігі өздерінің мансаптық дамуын көзге елестете де алған жоқ. Бұған ақылға қонымды түсінік те бар – келешекте қарапайым қорқыныш, толқу және болашаққа деген сенімсіздік. Біреудің қолдауы жоқ, біреуге жолдамасыз қиын деген сияқты, ал біреу мемлекеттік еңбек тәжірибесін мансаптық көтерілуге пайдаланады, бұл жас мамандарға ірі кәсіпорындарда оңай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Еңбек жолында бір жерде тұрып қалмай әрі қарай өсу – адамзаттың табиғи құбылысы. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте көптеген жетістіктер бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметі ауқымын атап өткен жөн, олар атқарушы немесе көшбасшы бола алады.

Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, табандылықтың нәтижесінде, болашақ даму идеологиясын қалыптастырды.

«Тәуелсiздiгiмiздi көздiң қарашығындай сақтап, мемлекетiмiздi нығайта беру үшiн бiзге ең әуелi бiрлiк қажет» деген Елбасының сөзін алға тарта отырып Мемлекеттің заңгері ретінде Қазақстан халқын азаматтық әділетті жас ұрпақтарды тәрбиелеуге шақырамын.

А.АЛПЫСОВ,

Қарағанды қаласының сот актілерін орындау жөніндегі Октябрь аумақтық бөлімінің бөлім бастығы,

аға сот орындаушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button