Жаңалықтар

Көптің назары – Көрмеде

   Елордадағы «ЭКСПО – 2017» көрмесін көзбен көріп қайтуға ниет білдіргендер саны күн санап артып келеді. Мәселен, бірнеше апта бұрын Көрмені күніге 33000 адам тамашаласа, күні кеше бұл көрсеткіш 40000-ға жуықтады.

Ресми дерекке сенсек, 10-16 шілде аралығында «ЭКСПО-ны» 277 707 адам тамашалаған. Яғни, орта есеппен, Көрме табалдырығын бір күнде 39 672 адам аттаған.

Көрме ашылған күннен бастап 16 шілдеге дейін 1199000 адам халықаралық шараның көзайымы болған.

Көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырып, ең көп адамды қабылдаған – Африка плазасы. Египет және Ресей павильондарына да бас сұққандардың қарасы қалың.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button