Жаңалықтар

Күнкөріс деңгейі қандай?

Жан басына шаққанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы шілдеде 21417 теңгені құрады. Бұл – 2015 жылғы шілдеге қарағанда 16,5%-ға артық. Азық-түлік тауарларының ең төмен жиынтығының құны – 12850 теңге. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша статистикалық бизнес-тіркелімде 26291 заңды тұлға бар. Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 18040-ы іс әрекетте, оның ішінде 10668-і белсенді.

Қолда бар деректерге жүгінсек, қаңтар-шілдеде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1021,1 млрд. теңгеге өнім өндірді. Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 79,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 10%, кен өндіру және карьерлерді қазу – 9,2%-ды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 1,4% құраған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button