Бас тақырып

“Күміс домбыра-2025” – Қарағандыда

Шырайлы шымкент шаһарынан ақжолтай хабар жетті Арқаға. Еліміздегі жас ақындар арасында 5-ші рет ұйымдастырылып отырған “Күміс домбыра” айтысында қарағандылық жас ақын Нұрмұхаммед Байсүгіров Бас жүлдені қанжығасына байлап, күміспен қапталған домбыра мен 1 млн теңгенің сертификатына ие болды.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Айтыс түріктанушы ғалым Бейсенбай Кенжебайұлының 120 жылдығына арналды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл сайысқа республикамыздың барлық өңірінен 16  ақын қатысты. “Күміс домбыра” жас ақындар айтысына ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button