Бас тақырып

Көмір тасымалына кедергі жоқ

Бұдан бірнеше жыл бұрын бұқара халықтың көмір тасымалына едәуір наразылығы бар болатын. Күн суытып, аяз бір жақта қысса, көмірдің тапшылығы мен тым жоғары бағасы өңір жұртшылығын әжептәуір әбігерге салатын-ды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен кезекті брифингте облыстық өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дарын Бейбітұлына көмір тасымалына қатысты сауалымызды жолдаған едік.

Сурет ашық дереккөзден

Қарағанды облысында көмір тасымалдау құр отынды тасымалдау ғана емес, сонымен қатар өңірдің өмірі мен дамуын қолдайтын үйлесімді жүйе. Көмір энергетикалық ландшафтта маңызды рөл атқарып қана қоймай, аймақтық бастамалар энергияға деген қажеттілік пен қоршаған ортаға деген қамқорлық арасындағы тепе-теңдікті сақтауға соны мүмкіндік береді. Спикер сауалымызға төтесінен жауап қатты.

Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы көмірдің экспортқа жөнелту жайттары кемітіліп, көмірді экспорттаған өңірлік операторлар алынып тасталды. Нәтижесінде көмірдің өсімі 61 мың тоннаны құрады. «Шұбаркөл Көмір» көмір алып кету пунктінің жабылуына жол берілмеді. Осакаровка мен Жарық станциясында төмендетілген бағамен қосымша көмір жөнелту пункттері ашылды. Бұл Қарағанды қаласында сату нүктесін артық жүктемеден босатты. Бұқаралық ақпарат құралдарында әрі интернет-ресурстарында көмірді алдын ала сатып алу туралы кең ауқымды ақпарат акциясы өткізілді. Көмір сапасына қатысты мәселе туындаған кезде әрекет ету алгоритмі пысықталды.

– Халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, біз асығыс сұраныс пен ұзынсонар кезекке жол бермейтін бірқатар шараларды қабылдадық. Бұған дейін тұрғындардың негізгі сұранысы «ХМК» ауданындағы көмір сату орнында болатын. Жүк автокөліктерінің кезегі орын алатын. Қабылданған кешенді шара мен жүргізілген тиянақты түсіндіру жұмыстарының арқасында сұраныс көмір сатудың екі қосымша нүктесіне қақ бөлінді. Бірі – Верещагин көшесі 1/1 мекенжайындағы «ПСВ-86» ЖШС болса, екіншісі – Камская 2/2 көшесіндегі «TradeExport KZ» ЖШС, – деді ведомство басшысы.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button