Жаңалықтар

Көмек алудың жолы жеңіл

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы облыстағы мүгедектігі бар адамдардың 9,9 мың тапсырысы орындалды. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, оның ішінде, 6 659 мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 574 мың – ымдау тілі қызметін, 1 968 мың – жеке көмекшінің, 696 – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алған.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуы тиіс.
Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Сонымен қатар, қызметтерді смартфон арқылы пайдалануға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталының мобильді нұсқасы жұмыс істейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған дерек бойынша ел бойынша жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 211,6 мың тапсырысы орындалыпты. Бүгінгі таңда порталда 703 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 979 оңалтудың техникалық құралдарын жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 759 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Ажар МҰЗАФАРҚЫЗЫ,
СДУ-дің 4-курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button