Бас тақырыпЖаңалықтар

Көкпектіде жантүршігерлік жол апаты орын алды

7-шілдеде Көкпекті ауылынан үш шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты орын алып, 4 жасар бала қайтыс болды. Одан бөлек, тағы бес адам жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Көкпектіде жантүршігерлік апат орын алды
Сурет: Ашық дереккөз

Полицияның мәліметінше, Chevrolet Aveo автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Дәрігерлер межелі жерге келгенше көлік ішіндегі 4 жастағы қыз көз жұмған. Ал, ауруханаға жеткізілген 5 адамның ішіндегі 2-еуі – бала.

– 7 шілде күні сағат 13.42-де Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолында Көкпекті ауылына үш шақырым қалғанда 33 жастағы көлік жүргізушісі Chevrolet Aveo автокөлігі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Факті бойынша полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді облыстық полиция департаментінің мамандары.

Көлік ішінде болған 5 адамды жедел-жәрдем қызметкерлері қаладағы №1 жалпы ауруғанаға және Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

– 2013 жылы туылған бала жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Бас миының шайқалған. Қабырғасында жабық сынық бар. Іштің доғал жарақаты және травматикалық шок алған.  2016 жылы туылған балада жабық бассүйек-ми жарақаты, миы шайқалған. 1993 жылы туған әйелдің сол жақ иықтың төменгі бөлігі ашық сынған. Оң жақ сан сүйегінің төменгі бөлігі жабық сынған. Травматикалық шок алған, – дейді №1 көпсалалы аурухана мамандары.

1989 жылы туған әйелге медициналық көмек қажет емес. Тек тобығы көгерген. Болған оқиғадан стресс алған.

– 1964 жылы туған әйел адам кеуде қуысының контузиясы, жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Әу баста №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Алайда, ол жақтағылар Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға қайта жіберген, – деді Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button