Бас тақырып

Көкпекті станциясы Қарағанды қаласына қосылады

Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс V сессиясында бес мәселе қаралды. Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Нүркен Қобжанов жүргізді. Халық қалаулыларының назарына облыстың экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әбішева Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы мәселені ұсынды. Ұсыныс негізінде депутаттар Көкпекті станциясын Қарағанды қаласына қосуды мақұлдады. Қабылданған қаулы ендігі кезекте Үкіметке жолданады.

 

Бұндай шешімге келу жергілікті тұрғындардың сұрауымен жүзеге асып отыр. Себебі, Көкпекті аумақтық жағынан Бұқар жырау ауданына кіргенімен, ондағы бірқатар әкімшілік нысандар Қарағанды қаласының Ә.Бөкейханов ауданына қарайды. Осы орайда, халықтың тұрмыс – тіршілігіне қажетті коммуналдық қызметтер көрсету мен абаттандыруда екіжақты мәселелер туындаған. Нәтижесінде, халық жергілікті атқарушы органға елді мекенді Қарағанды қаласының құрамына қосуды сұрап, тиісті сауалдар жолдаған. Сәуір айында жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтіп, қатысушылар бірауыздан Қарағанды қаласына қосылуды құптады.  Экономика басқармасы әкімдіктердің қаулылары мен мәслихаттардың шешімдері негізінде Қарағанды облысы әкімдігінің Үкімет келісімін алу үшін Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы бірлескен қаулысын әзірледі. Алдағы уақытта қала аумағы 500 шаршы шақырымнан асады. 

– Көкпектіні қалаға қосу туралы жергілікті халық бірнеше рет өтініш білдірген. Әрі бұл мәселе тұрғындардың аймақ басшысымен кездесуінде де көтерілген еді. Мәселен, сайлау кезінде көкпектіліктер Ә.Бөкейханов ауданында орналасқан мектепте дауыс береді. Көкпекті Сұрыптау станциясынан біршама алыс орналасқандықтан жергілікті халыққа дәрігерге қаралу үшін іргелес орналасқан Қарағанды қаласына келген әлдеқайда ыңғайлы. Осы мәселені оңтайлы шешу үшін бүгінгі сессия жұмысына шығарып отырмыз, – деді Нүркен Қобжанов.

Мәселенің мәнісіне қаныққан депутаттар 500-ге жуық тұрғыны бар Көкпектіні Қарағанды қаласына қосу туралы шешімге ұйымшылдықпен дауыс берді.

Сағыныш ӘБІЛ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button