Басты тақырыпПоэзияРуханият

Байыт Қабанұлы: Әйгілі қолбасшы хан Шыңғыспен бетпе-бет

Алдияр хан

сегіз жүз жыл бұрын келген әлемге.

Келе салып

әлек салған бар елге.

“Қолымды алып, бас имеді” – деп,

ашуға баспаңыз.

Менің қолым – қандауға емес жаратылған дәрі емге.

 

Сен де атақты

ДЕЛҮҮНДЕЙ жерденсің.

Мен де атақты

ДЕЛҮҮНДЕЙ жерденмін.

Сен әлемге жаралғанда –

ҚАН уыстап келгенсің.

Мен әлемге жаралғанда

ӘН уыстап келгенмін.

 

Сен әлемге хан болуды,

заң болуды аңсадың.

Мен әлемге шам болуды,

таң болуды аңсадым.

Сен әлемге қанға бояп

қылыштадың шаршадың.

Мен әлемді әнге бөлеп

дұрыстадым шаршадым.

 

Сені құдай әкім етті

дараландың, қаттылықты таңдадың.

Мені құдай ақын етті

қалам алдым, тәттілікті таңдадым.

Сен қолбасшы:

Мен ән басшы:

– қара дарын,

– ақ дарын.

Менің әнім емдеп әлек

сенің өткір қылышыңның салып кеткен зардабын.

 

Ой кеспекке

талпынып ең оған дәтің жетпеді,

Бас кескенің еш жаңалық емес батыр:

Тіл кескенің кектендірер көп мені.

Уақыттан асқан ұлы қуатты жан болмақ боп,

Өлместікке дәрі іздеп ең

өмір оған келтірмеді өтпелі.

 

Жарты әлемді жаулап алдың,

қайтармадың ақына.

Саған басын иді адамның

патшасы да пақыры.

Айтшы ұлы хан!

сол еңбектен пайда таптың дәл қандай?!.

Өттің…

Біттің…

Дүниеден құр алақан қайтпадың ба ақыры.

 

Сен өзіңді ойладың – ау:

“Ірімін – деп – ұлымын – деп – нар тұлға”

Ол ойыңыз жөн болмады.

өткеніңде:

құшақ-құшақ

қасірет пен қарғыс қалды артыңда.

Мен ойламын:

“Өзім ірі , ұлымын – деп – нар тұлға”,

Мен өткенде:

құшақ-құшақ

нұр қалады,

жыр қалады  артымда.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button