Жаңалықтар

Үйде жалғыз қалған бала құтқарылды

Күні кеше төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне Қарағандыдағы Н.Әбдіров даңғылындағы көпқабатты үйдің бірінен «төрт жастағы немерем үйде жалғыз қамалып қалды» деген хабарлама түседі. Мамандар оқиға орнына дереу жетіп, жалғыз қалған баланы құтқарады.

Оқиғаның мән-жағдайына тоқталсақ. Әже сол күні үйде немересімен отырған. Кенет қандай да бір жағдаймен кіреберіске шығып кетеді. Қас қағым сәтте үйдің есігі тарс жабылып, сол күйі ашылмай қалады. Әже бірден құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.

Құтқарушылар оқиға орнына жылдам келеді. Әже көпқабатты үйдің алтыншы қабатында тұрады екен.  Құтқарушылар автосатымен пәтердің балконына түсіп, пластикалық терезені арнайы құрал арқылы ашып кіреді. Абырой болғанда қараусыз қалған бала – дін аман. Әрі үйдің терезесі де, есігі де бұзылған жоқ. 

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button