Ізгі пейіл айғағы

Абай қаласындағы «Жеңіс» сауда үйінің «Тайм-кафе Smile» жастар-сауық алаңында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың 1-сыныпқа баратын балалары мен ата-аналарына арналып, «Мектепке жол» акциясы аясында тағылымды іс-шара өткізілді.

Іс-шара ұйымдастырушылар – «Жағымды даму» («Позитив­ное развитие») жеке меншік меке­месі, Абай қаласы отбасыларын қолдау орталығы, «Кәусар» әйел­дер көш­бас­шылығы мектебі және Абай ауданы­ның кәсіпкерлер қауым­дас­тығы.

Бағдарламаға сәйкес, отбасыларды қолдау орталығының пси­хологі 1 сыныпқа алғаш баратындар мен олардың ата-аналары үшін арнайы психологиялық тренинг өткізді. Балалармен арнайы сынақ ойындары ұйымдастырылып, олардың ата-аналарымен «Мектеп қабырғасындағы алғашқы қиындықтарды қалай еңсеруге болады?» тақырыбында сөз қозғалды. Бүлдіршіндерді ұйымдастырушы тарап ұсынған оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен тәтті-дәмділер ерек­ше қуанышқа бөледі. Олар «Relax cinema» шағын кинотеатрына зор қызығушылықпен барып, «Алтын айдаһар туралы аңыз» мульт­фильмін қызыға тамашалады.

Қысқаша түйіндегенде, ізгі пейілдің айғағы іспетті іс-шара­ның әсері оған қатысушылар күткен­дегіден әлдеқайда асып түсіп, бар­ша­ның шексіз ризашылығын туындатты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

«Орталық Қазақстан»

АБАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.