Ит-құсқа құс ілдірген
Қазақта ит-құс деген сөздің бары анық. Итке қаратылып айтылғаны да анық, құсқа қаратылып айтылғаны да анық. Амандық-саулықтан соң қыр қазағы «Ит-құстан амансыңдар ма?» деп жөн сұрасады. Қазіргі жұрт мұны «Қасқырдан амансыңдар ма?» деп түсінеді.
Шынымен, солай ма?
Қазақ әпсанасында италақаз екі жұмыртқа тастайды. Соның бірін құмай, екіншісін тазы басады. Құмайдың басқаны – ит те, тазының басқаны не ит емес, не құс емес. Құмай басқаны – құмайтазы да, тазы басқаны – итқұс. Құмаймен аң қағады. Итқұсқа бөккен дуадақ, саңырауқұр сынды құстарды ілдіреді. Ертеде емдік мақсатта итқұспен кептер де аулаған.
Бұған қарап бабаларымыздың құс ілген итті жақтырмағанын көреміз. Өз ісімен шұғылданбады деп иттің басын кемсітетінін байқаймыз. Пәле-жала осындай шатасулардан деп түсінген.
«Ит-құстан амансыңдар маның» мағынасы енді түсінікті болар.
Төрехан МАЙБАС,
этнограф.