Тұлға

Ісімен дараланған

 

 

«Сабақты ине сәтімен» дегендей, Қазақстан Республикасының полиция күні жақындағанда көңілдегі көп кейіпкердің ішінен таңдауым штаб бөлімшесінің бастығы полиция майоры Наталья Чуксаеваға түсті.

Ішкі істер саласында қанша жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Наталья Владимирқызы 1994 жылдың сәуір айында ішкі істер органдарының қатарына қабылданып, содан бері осы қызметтің ыстық суығына әбден көндігіп, талай белестерден сүрінбей өткен жан. Натальяның өз ісіне ұқыптылығы мен салмақты мінез-құлқы сол кездегі басшылардың да назарынан тыс қалмағанға ұқсайды. Қызмет жолында Теміртау қаласының Ішкі істер басқармасының Ескі қалалық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі О.С.Ахметовті, осы бөлімнің Штаб бөлімінің бастығы полиция майоры А.М.Эгмонтты ерекше ықыласпен еске алады. Осы ізгі жандардың арқасында барлық жауапкершілікті мойнына алып, толғаныстың шеңберінде жүріп, толғанысын тек қана жүрек түкпірінде сақтағандықтан, ол бар күш жігерін, білімін, өзіне жүктелген сенімінен шығуға тырмысып бағып, Теміртау қаласының ІІБ Ескіқалалық ПБ Штаб бөлімінің есепке алу-тіркеу инспекциясының инспекторы лауазымынан бастап, қазіргі уақытта Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасының Киров полиция бөлімінің штаб бөлімшесінің екі тізгін, бір шылбырын қолына алған.

Наталья жүздің ішінде кездесетін жүйрік тәрізді өз ісіне ұқыптылығымен, жауапкершілігімен, қарапайымдылығымен дараланып тұрған офицер әйелдердің бірі. Оның қандай шаруа болсын епті екендігін аңғарған басшылық 2000 жылдары адамның бас киімін ұрлап кету ушығып тұрған уақытта қылмыскерді ұстауға құрық болатын адам етіп, қылмыскерді ұстаған екен. Кейіпкеріміздің мұндай тәуекелге бел байлаған сәттері көп болған көрінеді. Тәуекелшіл жанның кәсібінен бақыт тапқан, сөзден гөрі іске шебер офицер екендігін аңдау оңай. Ақиқатты әрлеудің қажеті жоқ. Әріптеске алар асуың көп болсын деп, әйел бақытын тіледік.

Н.ТҰРСЫНОВА, Қарағанды қаласының ІІБ,

Киров ІІБ маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button