Бас тақырыпКоронавирус

Ірі сауда нысандарына маскамен ғана кіргізеді

Соңғы жағдайларға байланысты ірі сауда нысандары тұтынушыларды, тек, медициналық маскамен ғана кіргізетін болды.   Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан. 

«Ірі сауда нысандары мынадай талаптарды сақтауы тиіс: өз аумақтарына келушілерді тек маскамен ғана жіберулері тиіс. Келушілерде маска болмаса тегін маска ұсынып, коронавирустың алдын алу бойынша жадынама таратулары қажет. Барлық кіріп-шығатын есіктерге тепловизорлар орнатулары керек», – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, ірі сауда нысандары, оның ішінде азық-түлік базарлары сағат 10-нан 18-ге дейін, азық-түлік емес тауарлар сататын базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Басқа материалдар

Back to top button