Жаңалықтар

Өңірді өркендету – өзекті мәселе

   Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде 2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, Қарағанды облысына медициналық кадрларды тарту және жекешелендіруді жүргізу барысы туралы өзекті үш мәселе қаралды.

Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру және кезеңкезеңімен 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу арқылы білім мазмұнын түбегейлі өзгерту туралы мақсат қойды.

Облыстың білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысумектеп бағдарламасын ұзарту емес екендігіне ерекше тоқталып өтті. Оның негізгі басымдылығыбілім берудің түпкі мақсатын, әдісі мен бағалау жүйесін өзгерту арқылы білім мазмұнын жаңартып, пәндер санын біріктіру. Жаңа модельде оқушылардың өз бетінше іздену, сынапталдау, функционалды сауаттылық дағдысын дамыту басты рөл атқарады.

Мамандарды тарту және қызметке алу мақсатында облысты денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыруды арттыруды көздеген түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді. Кадрлар ауысымы үнемі жіті назарға алынып, жас дәрігерлердің қызметке орналасуына да ұдайы мониторинг жүргізіледі. Жас мамандардың біліктілігін жоғарлату, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу, мамандардың баспаналы болуы мен тұрмысжайларының жақсаруын қадағалау жұмыстары жасалады. Елді мекендердегі кадр тапшылығы да назардан тыс қалмайды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – жекешелендіруді жүргізу барысы туралы облыстың мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының басшысы Мұрат Қадеков баяндама жасады. ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылы бекіткен №1141 қаулысы бойынша, 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру туралы кешенді жоспарға сәйкес, Қарағанды облысында барлығы 43 ұйым жекешелендіруге ұсынылды. Жыл басынан бері 5 ұйым жекешелендіріліп үлгерсе, 1 ұйым таратылды. Сондай-ақ, екі ұйымның тағдыры 8 қарашада шешіледі.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button