КоронавирусҚарағанды

Өңірде эпидахуал тұрақты

Телеграмм каналдарда «оқу жылы басталысымен қайта карантинге жабылады», «пандемияның жаңа толқыны басталады» деген сыңайдағы ақпараттар толып жүр. Тақауда мектеп мұғалімдерінің «үйде интернет бар ма? компьютер, ноутбук бар ма?» деген сауалнамасы күдікті көбейтіп еді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме беріп, ақпаратты жоққа шығарды.

Қарағанды коронавирус
фото: ашық дереккөз

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев коронавирустың таралуы төмендеп келе жатқанын алға тартты.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана болды, оның өзі қазір «жасылда». Инфекцияның таралуы артқанымен, эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Біз қазақстандықтарға вакцинация мен ревакцинациядан өтуге кеңес береміз. Карантин шараларын күшейті немесе жеңілдету туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі уақытта карантин жариялау мәселесі күн тәртібінде жоқ, – деді Е.Байтанаев.

Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынған статистикалық мәліметтен коронавирус инфекциясының тәулік сайын мыңның айналасында анықталғанын көреміз. 18 тамызда 951 жағдай анықталса, одан тәулік бұрын 1 169 болған. Күн сайын 100-ден астам жағдай Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысында анықталып келеді. Осы жолы да бас қалада – 163, облыста – 118 жағдай. Сонда осы уақытқа дейін облыс көлемінде 159 530 адамның ауырған.

Кешегі күнгі дерек бойынша өңірде вакцинацияның бірінші компонентін 728 023 адам салдырды, бұл 71,3%-ды құрайды. Екінші компонентімен 66,6% немесе 680 423 адам егілді. Бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.
Ревакцинацияны 276 927 адам алды. Бұл оған жататын халықтың 58,3%-ы үшінші дозаны алғанын білдіреді. Бұдан бөлек, қайта ревакцинациядан осы уақытқа дейін 33 973 адам өтті. Бұл ретте қайта ревакцинациялау қатер тобына жататын адамдар үшін маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары екінші бустерлік дозаны барлығына бірдей салу жалпыға бірдей ұсыныс еместігін айтады. Ұйымның иммунизация бойыша стратегиялық сарапшылар тобының төрағасы Алехандро Кравиотоның айтуынша, қайта ревакцинациялау індет жұқтыру қаупі жоғары деген адамдар тобы алуы тиіс.
Ел бойынша ревакцинациядан 5,1 млн. адам өткен. Вакцинацияның толық курсын 9 355 742
адам салдырды. Одан бөлек, 1 194 742 адам Pfizer вакцинасының екі дозасын да алған.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button