АймақБас тақырыпҚарағанды

Өңірде ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше автожол жабық

Аймақта ауа райының нашарлауына байланысты боран мен қатты желдің салдарынан Теміртаудан Қарағандыға дейінгі республикалық маңызы бар автожол учаскесіндегі қозғалыс автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сурет: globalnews.kz

– 2024 жылғы 26 қаңтар сағат 15-30 бастап, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметі бойынша, ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қар түріндегі жауын-шашын, боран, қатты жел, көрінуді шектеу) «Екатеринбург – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесі жабық (1446-1459 шақырым, Теміртау қ. – Қарағанды қ.)
Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарын бұл бағытта жол жүруден бас тартуды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button