Жаңалықтар

Өңір дамуы – өзекті мәселе

   Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде облыс бюджетінің 9 ай көлеміндегі орындалуы, облыс тұрғындарының денсаулығы және эпизоотиялық жағдай бойынша инспекциялық қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы өзекті үш мәселе қаралды.

Облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның айтуынша, облыстың биылғы бюджетінің орындалу ерекшелігі – дағдарысқа қарсы бағыттылығы мен тұрақтандыру рөлінде. Қазіргі экономикалық жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі мен аудан әкімдерінің алдында тұрған басты мақсат – бюджеттік шығындарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және тиісінше, бюджетті сапалы орындауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, мәжілісте эпизоотиялық жағдай бойынша инспекциялық қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Марат Мұхтаров баяндама жасады. Басқарма басшысы өңірдегі эпизоотиялық жағдайларға тоқталып, ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге қатысты облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімет жасады.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button