Жаңалықтар

Инвестиция – нақты іске

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында 159 млрд. теңге инвестицияны игерді. Бұл – республикада негізгі капиталға салынған көлемнің 4,3 пайызы деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Облыстағы инвестиция көлемінің 46,4 пайызы ірі кәсіпорындарға тиесілі, орта буынға – 3,9 пайыз, ал шағын кәсіпорындардың үлесінде – 49,7 пайыз. Негізінен, бұл – кәсіпорындар мен тұрғындардың өз қаражаты – 67,8 пайыз. Бюджет қаржысының үлесі 17 пайызды құрады. Статистикалық мәліметтер бойынша банктердің несиелері мен қарызға алынған қаражат, тиісінше, 6,1 пайыз және 9,1 пайыз көлемінде.

Есепті мерзімде инвестицияның айтарлықтай көлемін игергендер қатарында Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев қалалары және Қарқаралы ауданы бар. Олардың үлесіне облыстық көлемнің 63,7 пайызы тиесілі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button