Жаңалықтар

Инвестиция: игерілуі – ілгері

      2017 жылғы 9 айда облыс кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі капиталға салынған инвестицияларды 204,7 млрд. теңгеге игерді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым көлемі жеке меншіктегі нысанды кәсіпорындармен игерілді. Оның үлесі – 57,8%. Шетел және мемлекеттік меншік кәсіпорындардың үлес салмағы – 27% және 15,2%-ды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі  хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі  – кәсіпорындар, ұйымдар және халық қаражаты. Олардың үлесіне инвестициялардың жалпы көлемнің 74,4%-ы тиесілі көрінеді. Банк несиелеріне және басқа да қарыз қаражаттарына  4,4% және 2,7%-ы бұйырған. Бюджет қаражаттарының үлесі 18,5% болса, оның ішінде республикалық бюджет – 12%, жергілікті бюджет – 6,5% шамасында екен.

Инвестициялардың жалпы көлемінің 59%-ы өнеркәсіпте, 18,3%-ы жылжымайтын мүліктің  операциялар саласында игерілген. Экономикалық қызметтің басқа түрлеріне негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 0,1%-дан 8,2%-ға дейін тиесілі.

«Өңірлер бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым көлемі Қарағандыда (27,5%), Теміртауда (12,2%) және Сәтбаевта (11,8%). 2017 жылғы 9 айда 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең жоғары өсімі Нұра және Шет аудандарында байқалады (әрқайсысы бойынша 2 есе)» дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button