Интернетте «Eр есімі – ел есінде» акциясы өтеді
Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимінің енгізілуіне байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылады. Осыған орай, биыл Ұлы Жеңіс мерекесі тойланбайды. Бірақ ардагерлердің өшпес ерлігі елеусіз қалмасы анық. Елдегі қиындықтарға қарамастан, біз ардагерлерді ұлықтауға барымызды саламыз.
Біз бейбітшілік пен келісім аясында тұрмыс кешіп жатырмыз. Бұл – ардагерлеріміздің қан майдандағы еріктерінің жемісі. Сұрапыл соғыста жеңіске жеткен ерлердің есімін ұлықтау, оларға құрмет көрсету – ұрпақ парызы. Сондықдан да, интернет желісінде “Ер есімі – ел есінде” акциясын ұйымдастыруды жөн көрдік.
Барша отандастарымызды осы акцияға қатысуға жақырамыз. Ол үшін екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарыңыздың жеке деректері мен фотосуретін жолдау қажет. Осы материалдардың негізінде әлеуметтік ролик дайындалады. Олар түрлі сайт-порталдарда жарияланады және қаланың led-экрандарында көрсетіледі!
Шараға қатысу үшін деректерді pobeda_75krg@mail.ru, 87765325153 нөміріндегі whatsapp немесе телеграм мессенджерлеріне жолдаңыз.
Ер есім- ел есінде! Біз ардагерлерімізді ұмыт қалдырмаймыз!