Инновация игілігі: Smart қаланың сыры неде?
«Елорда туралы поэмалар мен әндер шығарылуда. Ол жөнінде кітаптар жазылды, кинолар түсірілді. Халықтың өз қолымен тұрғызған Астанасына бүкілхалықтық махаббаты деген осы емес пе?! Астананың өмірге келуі мен қалыптасуы – біздің қазіргі тарихымыздың тұтас дәуірнамасы. Қиын міндеттерді орындауда менімен бірге болған, Қазақстанның жаңа елордаға ие болуына баға жетпес үлес қосқан жандардың баршасына шын жүрегімнен алғыс айтамын».
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Бас қаланы ел шаһарларынан ерекшелеп тұрған ендігі басымдылық – тың технологияларға бір табан жақындылығы. Осы күні әлемнің алпауыт мемлекеттері ғана игілігін көріп келе жатқан қызметті автоматтандыру, қауіпсіздік жүйесіне Қазақстан астанасы да қол жеткізгені қуантады. Алты құрлық назары Нұр–Сұлтанға ауған тұста smart-қаланың сырына біз де үңіліп көрген болатынбыз.
Қауіпсіз қала
Қандай да бір сөз бастамас бұрын, алдымен тұрғындар мен туристерді мазалайтын басты мәселе – Елордадағы қауіпсіздікке тоқталайық. Айта кетейік, 2050 жылға дейін Нұр-Сұлтанды әлемнің үздік қалаларының ондығына енгізу тұжырымдамасы бар. Оның алғашқы кезеңінде 2020 жылға дейін «Астана – қауіпсіз қала» тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесін іске асыру қарастырылған. Жоба мақсаты – Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін күшейтіп, қылмыс санын азайту.
Жоба қала тіршілігін талдау арқылы операциялардың басым бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сөйте келе, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы да артады деген сөз. Осы күні тұрғын үй ауданда рында, мектептерде, қиылыстар мен көпірлерде, көшелер мен даңғылдарда, адамдар көптеп жиналатын орындарда бейнебақылау камералары орнатылған. Аталған камералардың көмегімен заң бұзушылықтар анықталып, алдын алу жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ, қала көшелері мен даңғылдарында жол қозғалысы ере желерін бұзуды тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер де жүйелі жұмыс жасауда. Бұл өз кезегінде, көлік жүргізушілерін тәртіпке бастап, жаяу жүргіншінің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деген сөз.
Smart-мектеп
Бағаналы орданың балғындары да қауіпсіз болса дейміз. Оны жүзеге асырып отырған – «Smart-мектеп» жобасы. Мұндағы мақсат – Елордадағы білім ошақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атқарылар жұмысты автоматтандыру. Жоба артықшылығы ретінде қолжетімділікті бақылау мен басқару жүйесінің, бейнебақылаудың, e-асха на, е-кітапхана және жеке кабинеттің болуын айтуға болады. 2015 жылы қолданысқа енгізілген жобаның алғашқы қолданушылары ретінде №3 мектеп-гимназия мен №15 мектеп-лицейін тілге тиек етер едік. Сол арқылы білім ошағына кірген оқушыларды есепке алуға мүмкіндік пайда болып, бөтен адамдардың кіруіне шектеу қояды. Нәтижесінде, оқушылардың қауіпсіздік деңгейін 85%-ға артты ру мен бөтен адамдардың мектепке кіруін 90% алдын алуға қол жеткізіл ді. Сондай-ақ, кітапхана қорын есепке алудың 60%-дан астамын автоматтан дырылды.
Smart-емхана
Ішкі және сыртқы процесстерді ав томаттандыру есебінен медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған «Smart-емхана» жобасы да Елордада іске асуда. Сол арқылы ақпараттық жүйеге қол жеткізіп, өз-өзіне қызмет көрсету терминалын пайдалануға, smart.astana.kz порталы арқылы онлайн жазылуға болады. Жоба игілігін алғаш көрген – №4 қалалық ем хана. «Smart-емхана» жобасы негізінде 300-ден астам жұмыс орны автоматтандырылып, 631-ден астам қызметкер оқытылды. Ақпараттық жүйеге тексе ру хаттамаларының 750-ден астам түрі жүктеліп, ем қабылдаушыға қызмет көрсетілуде. Дәрігер қабылдауына интернетпен өз-өзіне қызмет көрсету терминалы арқылы онлайн режимде жазылуға жол ашылды. Нәтижесінде, дәрігер емделушіге қызмет көрсету уақыты 10 минутқа дейін азайтуға, емхананың тіркеу бөлімінде кезекті 30%-ға қысқартуға, диагностикалық зерттеулердің жеделдігі мен ақпараттылығын кем дегенде 85%-ға арт тыруға, медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеуге қол жеткізілді.
Smart-tiskets
Қаладағы мәдени және спорттық шараларға билет сатуды оңтайландыру жолында «Smart-tickets» жобасы қолға алынды. Автоматтандыру игілігі Елорда тұрғындары мен қонақтарына кассаға баратын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Қаржылық қызметің де айқындылығын қамтамасыз етеді. Оған қала әкімдігіне қарасты мәдени және спорттық нысандар таңдалды. 2015 жылдың өзінде жүйеге 11 мәдени нысан қосылды. Қаладағы өзге де нысандарды (кинотеатрларды) қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, бірыңғай билет жасау көзделген. Онда туристер үшін туристік пакет, кез келген мәдени, спорттық мекеме лер мен музейлерге бару мүмкіндігі қарастырылады. Нәтижесінде, гад жеттерді пайдалану арқылы билет сату 30%-ға артып, мәдени және спорт нысандарының қаржылық көрсеткіштері мен сараптамалық есебіне жол салынды.
Smart-payments
Тұтынушыларға барлық төлемдерді бір шот арқылы жасауға мүмкіндік берген – «Smart-payments» жобасы. Жобада коммуналдық қызметті бірыңғай төлем құжаты арқылы төлеу тетігі қарастырылған. Яғни, әлеуметтік маңызға ие жоба бойынша тұрғындарға су, тұрмыстық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-пайдалану шығындарын, электр қуаты, жылыту, телекоммуника ция қызметтерін электрондық форматта төлем жасауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеке кабинетте «Дербес мәліметтер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, төлем жасау тарихы сақталады. Пайдаланушы жеке кабинетіне кіріп, абонентті сәйкестендіру жүргізіледі. Электронды әмиянды төлем терминалдары және банк картасы арқылы толтыруға болады.
Smart көше жарығы
Шаһарда көше бойындағы жарық тандыру құралдарын қуаттылықты реттеуіштермен жабдықтау арқылы тиімділікті арттыру мен шығынды азайтуды көздейтін «Smart көше жарығы» жобасы іске асты. 2015 жылы алғаш рет қаланың Есіл ауданындағы Еңбекшілер көшесінде қолданысқа енген жоба аясында ескі натрий шамдары диодты шамдарға ауысты рылды. Көше мен саябақтарды жа рықтандыру нысандары тексеріліп, нәтижесінде электр энергиясын 50%-ға дейін үнемдеуге (52 310 кВт-тан 24 792 кВт-қа дейін) мүмкіндік пайда болды. Тиімділігі ретінде шамдарды алыстан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламамен қамтылғанын, сондай-ақ, әр шамның жағдайы туралы жеке-жеке мәлімет алуға болатындығын, шамға түсетін жүктемені басқаруға қол жеткізілгенін алға тартуға бола ды. Алыстан мониторинг жасау мен бақылау есебінен шығын, жөндеу бригадалардың шығуы қысқарды. Тіп ті, шамдарды смартфон, планшеттің көмегімен-ақ онлайн режимде бас қаруға болады.
Материал astana.gov.kz сайтындағы мәліметтер бойынша әзірленді.
Рауан ҚАБИДОЛДА.