Бас тақырып

Игі іске мұрындық болды

Жақында Жастар ресурстық орталығының қызметшілері «Қайырымдылық керуені» акциясына қатысты. Аталмыш акция облыста ұйымдастырылған. Негізі бұл шара Ассамблеяның қайырымдылық жұмыстары аясында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылып келеді.

Игі шара барысында орталықтың қызметшілері жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктер үлестірді. Көмек көрсетуге көптен бұрын асығатын Жастар ресурстық орталығының мұндай қайырымдылық аясында өткізіп отырған шараларға қатысуы бірінші рет емес. Осыған дейін де талай қайырымдылық шараларына мұрындық болып жүрді.

Сондай-ақ, биылғы жылдың алғашқы іс – шарасы қазақтың керемет дәстүрлерінің бірі – «Сарқыт» қайырымдылық акциясынан бастау алды.

 – Сарқыттың тәрбиелік маңызы зор. Бұл адал асты ысырап етпеуге, сонымен қатар жақыныңмен бөлісуге үйрететін жақсы ырым, – дейді ұйымдастырушылар.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button