Қарағанды

Хор ұжымдарының кездесуі

Биыл еліміз бойынша Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы мақсатта Октябрь ауданындағы №82 жалпы орта білім беретін мектепте ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерінен тұратын Майқұдықтан «Надежда», Пришахтинскіден «Вдохновение», Сұрыптау бекетінен «Магистраль» және №3 Өнер мектебі мен №82 мектептің 7-11 сынып оқушыларынан құралған хор ұжымдары шығармашылық кездесу өткізді. Осындай кездесулер бұрын да өткізіліп келген. Бұл жолғы 6-шы шығармашылық кездесу ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, Ардагерлер ұйымының 30 жылдық тарихы мен ардагерлердің ел тарихындағы алатын орнын бағамдау, олардың үлгісін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Әр хор ұжымы өздеріне жүктелген тақырып бойынша өнер көрсетті. Ортаға шығып өнер көрсеткендердің қай-қайсысы болмасын өз репертуарларына тәуелсіздік тақырыбындағы еліміздің бірлігін, тұтастығын, татулығын насихаттайтын, әсіресе, қазақша патриоттық рухтағы әндерді енгізгені залда отырған ардагерлердің еңсесін көтеріп, көңілін марқайтты.

Кеш басталмас бұрын хорға қатысып жүрген, бүгіндері арамызда жоқ, бақилыққа аттанған ардагерлерді еске алды.

Бұл шығармашылық кешті ұйымдастырып, әрі көркемдік жетекші болып жүрген – №3 өнер мектебінің мұғалімі Ольга Луцикке облыстық білім және ғылым кызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Самойлюк арнайы төсбелгі тапсырды. Аса көрнекті қоғамдық жұмыстарға, өнерді насихаттауға белсенді араласып жүргендерге Оқтябрь ауданының әкімі Е.Темірхановтың атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Аймағамбетов Алғыс хаттар табыс етті.

82, №3 мектеп әкімшілігі хор мүшелерін мектепке жеткізуді қамтамасыз етуге қолдау көрсетіп, көмек көрсеткен аудан әкімдігіне, ардагерлер кеңесіне, мұғалімдер кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button