«Халық сенімі» – ауқымды жоба

    29 мамырда Сәтбаев қаласы прокуроры Ж.Накишевтің өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

30 мамыр күні Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселесі бойынша кездесу өтті.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мирас Қарғабай, Сәтбаев қаласының дінтанушысы Алмас Жеделбаев, Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор мегерушісі Сұлтанбек Ешмаханов қатысты.

Кездесуде жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру жолдары айтылды.

Сондай-ақ, ХҚКО, Сәтбаев қаласы орталықтандырылған кітапханасының мамандарымен де осындай жиын өткізілді.

Бұл басқосуда дінтанушылар Ибрагим Дүйсенбек, Марат Әлімов баяндама жасады.

Жемқорлықпен күрес тақырыбындағы бейнероликтер де жиынның мазмұнын аша түсті.

Жұмыс тобының кездесулері бүгін Сәтбаев қаласы Индустриялық колледжінде жалғасты.

И.ИГЕТАЕВА,

Сәтбаев қаласы прокуратурасының прокуроры.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.