Жаңалықтар

Халықаралық сында сүрінбеді

Ресей Федерациясы аумағында өткен Қазақ­стан, Ресей және Қытай Қарулы күштерінің халықаралық әскери ойындары аясында әскери дала асханасының аспаздары өзара шеберлік сынасып, сайысқа түсті.

Сындарлы сын қорытындысында Астана өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің жүргізуші-аспазшысы, ефрейтор Андрей Пастлер сараптама комиссиясының шешіміне сәйкес, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Халықаралық деңгейдегі сында өзімен бәсекелес болған тәжірибелі аспазшыларға дес бермеген жас жігіт кәсіби оқу орнын «Мейрамхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біршама уақыт қала мейрамханаларында еңбек етіп, кейіннен әскери аспазшылар қатарына қосылған.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Суретті түсірген автор.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button