Жаңалықтар

Халықаралық қарттар күні

   «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Себебі, оны тоқтатуға немесе қайтаруға біздің қауқарымыз жетпес. Оған мұршамыз жетпесе, ағарған шашпен күресіп қайтеміз?! Шеріңді тарқата берсең, сарқылып қалуың ғажап емес, сондықтан, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Жас әдемі болғанмен, қарт ақылды емес пе?».

Қазан айының бірінші күнінде Қазақстан корейлері қауымдастығы Қарағанды облысы филиалының ұйымдастыруымен дәстүрлі мерекеге айналған «Өмірдің күзі» атты іс-шара тірек-қимыл жүйесінің және бұлшық ет ауруларына негізделген дәрігер Бубновскийдің орталығында өтті.

1989 жылы құрылған корейлер қауымдастығында биыл осымен бесінші ұрпақ өз үлесін қосып, бабалар салған сара жолды жалғастыруда. Жылдар бойы қауымдастық өз жұмысын тиянақты орындап, түрлі іс-шаралар өткізіп, жоспарлаған жобаларын жүзеге асыруда. Әсіресе, үлкендерге деген құрмет ең бірінші орында. Себебі, коре сарам ақсақалдарының кезінде қазақстандық патриотизм мен корей халқының мәдениетін сақтауға жұмсаған күштері, денсаулығы мен уақыты ешқашан ұмытылмайды. Олар өмірлерін болашақ ұрпақтың ұлттық санада қалыптасуына сарп етті.

«Өмірдің күзі» бүгінде дәстүрлі мерекелердің біріне айналды. Бұл игі іс-шараның пішіні өзгерсе де, басты мақсаты – қарттардың қажеттілігі. Аталған іс-шараны Қазақстан корейлері қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Лилия Ким құттықтау сөзімен бастады. Оның айтуынша, әр іс-шараның соңында үлкендер оларға үнемі алғыс айтып, бүгінгісі алдыңғысынан жақсырақ өткенін, оларға күш-жігер сыйлағанын, өмір-жастарын ұзартқандығын айтып кетеді екен. Оларға қарап, «біз – тәжірибелі зейнеткерлер, өзімізді жас сезінеміз», – дейді Лилия Михайловна.

Салтанаттың ресми ашылуынан кейін орталықтың бас дәрігері Медет Құсайынұлы таныстырған дене буындарының әрбір мүшесіне арналған гимнастиканың презентациясы өтті. Кейін қатысушыларды мекеме дәрігерлері тексеріп, оларды дене шынықтыру нұсқаушысына жіберіп, әркім өз күшін жаттығу құрылғыларымен сынады. Ештеңеге қарамай, күш жігерін жұдырыққа жиып, өзімен күрес жүргізіп, жеңімпаз атанғандардың көңі­лі орталықты жастық шақтың лебімен толтырып, сенімдерін арттырды. Мұндайда жүрек соғысының жиілігін әсем сазды әуен ғана тоқтата алады. Спорттық іс-шара өткен соң, қатысушылар этно-мәдени бірлестіктің белсенді жастары ұйымдастырған тамаша концертті көріп, асқа толы дастарқаннан дәм татты.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

Қоғамдық келісім” КММ баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button