Спорт

Грекия-Қазақстан: билеттер сатылымға шықты

21 наурызда Афина қаласында Қазақстанның ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Грекия құрамасымен кездеседі. Бүгінде қос команда арасындағы ойынның билеттері онлайн сатылымға шықты.

Сурет: bassport.kz сайтынан

Айта кетейік, бұл ойын Ұлттар лигасының «Төрттік турнирі» деп аталып кеткен плей-офф кезеңінің аясында өтеді. Оған Қазақстан, Грекия, Грузия мен Люксембургтің командалары қатысып, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салмақ.

Ал, екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі. Осы матчтарда жеңген командалар бір-бірімен ақтық бәсекеде кездесіп, жеңгені Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Егер Қазақстан құрамасы Грекия командасын жеңсе, онда өз алаңында Грузия-Люксембург матчында жеңген командамен кездеседі.

Жанкүйер ойынға билетті онлайн сатып алса, бронь жасап, қағаз түрінде Афинада матч алдында алады. Сондай-ақ, Грекияның заңына сәйкес билетте сатып алушының аты-жөні мен паспорт нөмірі жазылуға тиіс.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button