Бас тақырыпОблыс әкімі

Головкин Қарағандыға келді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИНДІ қабылдады. Кездесуде боксшының балалық шағы өткен «Майқұдық» шағынауданындағы спорт нысандарын қалпына келтіру мәселесі талқыланды.

«Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылылықпен және қамқорлықпен «Майқұдықтың» спорт инфрақұрылымы туралы сұрады. Келесі жылы атақты «Литейщик» стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім» деп жазды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «Facebook» парақшасында.
Айта кетейік, «Литейщик» стадионы Майқұдық ықшамауданында орналасқан. Аталған стадион 70-80 жылдары қаланың белді спорттық нысандарының бірі болды. Мұнда 1980 жылғы Қазсовпроф кубогының иегері атанған «Литейщик» зауытының футбол командасы ойнаған болатын.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button