Голландия аумағында жерленген қазақстандықтар белгілі болды
Нидерланды Корольдігінің «Кеңестік Даңқ алаңы» қорының өкілдері Голландия аумағында жерленген тоғыз қазақстандықтың тізімін берді. Отандастарымыздың деректерін жариялай отырып, олардың тікелей ұрпақтары немесе жақын туыстарын табуға үміттенеміз.
Ахметов Сәдуақас, 1916 жылы туған, Жаңаарқа кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР.
Белоусов Иван, 1911/1912 жылы туған, Қазақ КСР.
Боярский Михаил Петрович, 1890/97 жылы туған, Яблоновка (Макинка ауылы) немесе Зауральский, Енбекшілдер ауданы, Ақмол.обл., Қазақ КСР.
Буторин Константин Григорьевич, 1909 жылы туған, Өрел/Катонқарағай, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР.
Водцев Федор Алексеевич, 1911/1912 жылы туған, Малонарымка ауылы/Свинчатка ауылы, Семенов ауданы, Ақмола облысы, Қазақ КСР.
Деревянко Трофим Павлович, 1906 жылы туған, Ленгер, Ленгер ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР.
Тостанов Сургай, 1897/1902 жылы туған, Ақтас колхозы, Красногор ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР. 8. Тягиев А. З., туған жылы белгісіз, Қазақ КСР.
Тұрамбаев Адылхан, 1917 жылы туған, Ақшығанақ ауылы, Жаңаауыл, Рузаев ауданы, Ақмола облысы, Қазақ КСР.
Байланыс үшін: «Atamnyn Amanaty қоғамдық ұйымы» 8 776 828 45 35; 8 776 828 45 34.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.