Ақтоғай

Әңгіме өзегі – аудан тынысы

Ақтоғай ауданы экономикасының негiзгi саласы – ауыл шаруашылығы жылдан-жылға дамып келедi. Аудан экономикасының 90 пайызын ауыл шаруашылығы құрап отыр. Бұл туралы аудан әкімі Салтанат ӘБЕУОВА аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тарқатып айтып берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығына қатысты нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Осыған орай, Елбасы тапсырмасына сәйкес, ауданда биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі қаржылай есеппен 7 млрд. 783,4 млн. теңгені құраған екен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 112,5% құрайды.

– Ауыл шаруашылығы саласында 3 инвест-жобаның қорытындылары алынып, бүгінгі күні қаржы орталықтарымен, банктермен жұмыстар жасалуда. Олардың қатарында «Айтас-2002» ЖШС арқылы қымыз өнімдерін өндіру цехын ашу, «Нұр» шаруа қожалығы арқылы 100 сиырға арналған сүт тауарлы фермасын ашу және «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС 1000 басқа дейін жылқы малын өсіру жолға қойылды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын индикативті көрсеткіштердің орындалысына басымдық беріліп отыр. 1200 асыл тұқымды импорттық ірі қара аналығын алу бағытында Ресей Федерациясынан 43 құнажын, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 577 малға 7 жоба бойынша 333,9 млн.теңгеге несие қаражатын алуға құжаттар ұсынылды. Бүгінгі күнге 4 жоба бойынша 219,9 млн.теңге қаражат алынды. 397 импорттық ірі қара малын әкелуге жұмыстар жасалуда. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры бойынша, 600 түлік сатып алынып отыр. «Айка» және «Samtrs C» кәсіпорыны «Ұлытау-roup» ЖШС – 600 ірі қара малын ұстауға арналған кешенін алу жоспары тұр, – деді Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова.

Сонымен қатар, жыл басынан бері «Сыбағамен» ірі қара, «Алтын асықпен» уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы сатып алынған. Бұдан бөлек, баспасөз мәслихатында спикер ауданның Индустрияландыру картасы аясында ашылған өндірістің құны 21,5 млрд. теңгені құрағандығын жеткізді.

Салтанат Әбеуованың айтуынша, «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіру кәсіпорыны ауданға зор көмегін тигізуде. Аталған кәсіпорын 2017 жылы 2178 келі алтын шығарып, 28 541,0 млн. теңгенің өнімін өндірді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 557 адам, оның ішінде, ауданнан 67 адам жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 2017 жылы Ақтоғай ауданы бойынша «Алтыналмас АК» АҚ-ның «Пустынное» алтын өндіруші фабрикасы өндірісінің кеңейту жобасы Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, Қарағанды облысының Үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінен қолдау тапқан. Бүгінгі күнде кәсіпорын құрылыс жұмыстарын жүргізуде, салынған инвестиция көлемі 4959,5 млн. теңге. Сонымен бірге, алдағы уақытта «AZURIT-TC», «Ұлытау-К» кәсіпорындары, «Тесіктас», «Балқаш-Сарышаған», «Керегетас» «Қасқыр қазқан» кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр. Бұл жобалар да «Алтыналмастан» кем болмайды деген болжам бар.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімге қатысты көптеген жаңашылдықтың жүзеге асырылған. «Туған жер» бағдарламасы ел ішінде кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болған.

– «Туған жер» бағдарламасы біздің өңірде де қызу қолға алынып, жан-жақты жүзеге асырылу үстінде деуге толық негіз бар. Игі бастама аясында Елбасы бастамасын iске асыруға ауданнан шыққан кәсіпкер, іскер азамат «Ақтоғай өнімдері» ЖШС демеушілігімен Ақтоғай ауылында ағымдағы жылдың маусым айында құны 150,0 млн. теңге тұратын 200 адамдық мешіт үйінің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Ақтоғай ауылынан «Бахтияр» шаруа қожалығы қаржысы есебінен сүт қабылдау пункті нысаны және әлеуметтік базардың құрылыс жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, 4 жалпы білім беретін орта мектептердің 12 пән кабинеттеріне демеушілер арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп материалдық-техникалық базалармен жабдықталды, – деді Салтанат Әбеуова. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар өз деңгейінде орындалып жатқанын айтқан Салтанат Мірәсілқызы алдағы уақытта аймақтың әлеуметтікэкономикалық дамуы бойынша тың жобалар мен жоспарлар іске асырылатынын жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button