Жаңалықтар

Газеттен бастау алған игі істер

    Қандай да бір газеттің беделі – ондағы журналистермен анықталмақ. Журналисі беделін жоғалтқан газет – құрдымға кеткен газет. Ал, «орталықтықтар» болса мірдің оғындай, қорғасындай ауыр сөздермен жазылған мақалалары арқылы талай игі істерге бастау болды…


… 1933 жылы қазақтың белгілі жазушысы Б.Майлин редакция қызметкерлерімен кездесіп, қазақ журналистикасының тарихында тұңғыш рет өнеркәсіп тақырыбында очерктер жазу мәселесін көтерді.
… 1933 жылы жазушы С.Мұқанов Қарағандыда болып, редакция ұжымымен кездеседі. Сол жолы Қарағанды тақырыбына арналған әсерлері туралы өлеңдерін және «5000» атты поэма жариялап, өнеркәсіп тақырыбындағы қазақ публицистикасының негізін қалаушылардың бірі болды.
… 1934-1935 жылдары Қазақтың «Мәңгі жасыл» жазушысы С.Ерубаев Қарағандыда «Қарағанды пролетариаты» газеті редакторының орынбасары болып қызмет істей жүре «Менің құрдастарым» атты атақты романын жазуды бастап, қазақ әдебиетіндегі жаңа қадамды бастады.
…1943 жылы газеттің ұйымдастыруымен өткізілген ақындар Қ.Айнабеков пен І.Манкиннің айтысы жарияланды.
… 1980 жылы журналист Ш.Жандаев Мәскеу олимпиадасынан тікелей репортаждар жариялады.
… 1986 жылы «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы орыс тілінде жарыққа шықты. Оның жұмыс тобында газет қызметкері А.Жанғожин болды.
… 1988 жылы газеттің мұрындық болуымен Бұқар жырау кесенесін тұрғызу және 325 жылдық мерейтойын өткізу жұмысы қолға алынды.
… 1990 жылы Нұра ауданында сайлаудағы жөнсіздіктер туралы журналист Н.Мыңбаевтың «Ши шығарған шытырман» атты мақаласы шықты, оны обком бюросы дұрыс деп тануға мәжбүр болды.
… 1991 жылы газет редакторы, белгілі публицист Н.Оразбеков Мәскеудегі тамыз оқиғасына батылдықпен баға беріп, «Иә, бұл төңкеріс!» деген мақала жариялады.
…1991 жылы журналистика ардагері Р.Сағымбековтің ынтасымен «Қарқаралы» журналының бірінші саны жарық көрді.
…  1992 жылы тұңғыш рет газеттің тұтас бір санын бір тақырыпқа арнап, авторлық нөмір шығару қолға алынды. Журналист Серік Сексенұлы сәбилердің денсаулығы мен өмірін қорғау, жетімдер тағдыры туралы тебірене әңгіме қозғады.
Әрине, бұл жетімдер мәселелеріне арналған мақалалардың бірі ретінде сәби денсаулығы саласындағы көп мәселелерді шешіп тастамағанымен де аталмыш мәселені көтерудің өзі аса маңызды және біраз дүниеге арқау болды.
… 1992 жылы редактордың бірінші орынбасары Е.Мұсабеков 2014 жылы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.
… 1992 жылы газет журналистерінің бастама  көтеруі Қарағанды қаласындағы Оңтүстік-Шығыс және Майқұдық аудандарында қазақ тіліндегі балабақша мен мектептің ашылуына мұрындық болды.
… 1993 жылы Бұқар жыраудың туғанына 325 жыл толуын кеңінен атап өтті.
…1994 жылы журналист Е.Лұқпановтың «Ала-құла аудармадан арылайық» атты проблемалық мақаласы шықты, ол облыс әкімінің арнайы қаулысының жарық көруіне түрткі болды. Сөз бен оны беру тәсілі, тіл тазалығы үнемі бірінші орында тұратын «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған мақала аударма сапасын түбегейлі өзгертіп жібермесе де, көпшілікке ой салғаны анық.
… 1995 жылы ақын С.Ақсұңқарұлы мен ғалым З.Тайшыбайұлының ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған авторлық нөмірі «Абай – ұлтымыздың ар-ұяты, ділі» деп аталды.
… 1999 жылы газеттің бұрынғы редакторы Р.Сағымбековтің есімі Қарқаралы ауданындағы Абыз орта мектебіне берілуіне байланысты салтанатты шара өткізілді. Редакторға арналған газеттің қосымшасы шығарылды. Мектептің бір үздік оқушысына редакция сыйлығы тағайындалды.
… 2008 жылы редактордың орынбасары А.Жанғожин Елбасы Н.Назарбаевтың Днепродзержинск училищесінде бірге оқыған достары туралы «Та заводская проходная…» кітабын шығаруға қатысты.
… 2011 жылы дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай материалдар циклын жариялады.
… 2014 жылы газет қазақ халқының ұлы сардары Батыр баян туралы материалдар циклын жариялап, батырдың басына мемориалдық кешен орнату жөнінде ынта көтерді (М.Сембаев, Т.Майбас).
… 2016 жылдан Алаш көсемі Ә.Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына байланысты материалдар циклын жариялап отыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button