Ресми

«Гүлдермен көктем гүлдеді» мерекелік концерті өтеді

8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «Гүлдермен көктем гүлдеді» атты мерекелік концерт өтеді.

Сурет: қала әкімдігінің сайтынан

Аталмыш концерт 6 наурыз, сағат 15:00-де , С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында болады.

Мерекелік концертте эстрада жұлдыздары Әлішер Кәрімов, Мәди Сыздықов өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымның жеке солистері, «Гүлдер» ансамбльі, «Астана опера» театрының жеке солисі Салтанат Ахметова да мерекелік шарада болады деп жоспарлануда.

«Дарын» мемлекетті жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәліков пен Рухия Байдүкенова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Дидар Әбдіхалым мен Салтанат Мендіғалиева және «G band» тобы да мерекелік кештің сәнін келтірмек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button