Спорт

Футболдан «Астана» командасы «Динамодан» тағы да ірі есеппен жеңілді

Кеше, қыркүйектің 21-нен 22-сіне қараған түні Хорватия астанасы Загребте конференция лигасының топтық кезеңі аясында жергілікті «Динамо» мен «Астана» кездесті. Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші туры аясында «Максимир» стадионында өткен кездесу 5:1 есебімен «Динамодан» командасының пайдасына шешілді.

Бірінші тур аясында Қазақстан чемпионы загребтік «Динамоға» қонаққа барды.

«Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Астана» (Қазақстан) – 5:1 (1:0)

Голдар: Петкович 43 (пенальтиден – 1:0), Петкович 53 (пенальтиден – 53), Булат 58 (3:0), Оганесян 78 (3:1), Марин 85 (4:1), Халилович 90+3 (5:1)

Төреші: Рачковски (Польша).

Бұл жеңістен кейін «Динамо» үш ұпай еншілесе, «Астананың» әзірге ұпайы жоқ. Ал С тобының тағы бір ойынында чехиялық «Виктория» косоволық «Балканиды» (1:0) минималды есеппен ұтты.

Айта кетейік, «Астана» келесі ойынын жексенбі, 27 қыркүйекте өткізеді. Григорий Бабаян шәкірттері ҚПЛ аясында биылғы маусымның көшбасшысы – ордабасылықтармен сырт алаңда кездеседі. Сондай-ақ елордалықтар келесі еурокубок матчын 5 қазанда өз алаңында «Викторияға» қарсы өткізеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button