Жаңалықтар

Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Қазақстандағы реформаларды қолдады

Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдайтын «Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» атты жазбаша декларация қабылдады. Бұл жайлы Kazinform хабарлады. 

Сурет Арнур Рахимбеков/Kazinform

Құжатта 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдум елдегі институционалдық жаңғыру мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам ретінде бағаланған. Декларацияға Еуропаның түрлі саяси топтары мен ұлттық делегацияларын таныстыратын 22 депутат қол қойған.
ПАСЕ депутаттары билік тармақтарының теңгерімін күшейту, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту, конституциялық сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру бағытындағы реформаларды құптап, Қазақстанмен демократиялық басқару мен заң үстемдігін нығайту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button