Басты тақырыпСпорт

Ержанда қола медаль

Жақында Арқаға сүйіншілеген хабар келді. Апайтөс балуан Ержан ШЫНКЕЕВ Дюссельдорфта өткен дзюдодан әлемдік Гран При турнирінде қола медальға қол жеткізіпті. 50 елдің 346 балуаны боз кілемге шыққан аталмыш додада мерейіміз үстем болды.

100 келіден жоғары салмақта сынға түскен дзюдошымыз Ержан Шынкеевке турнирдің қола жүлдесін алу оңайға соқпапты. Дүбірлі жарыстарда талайды тақымына басқан бразилиялық қарсыласы Искуарде Руан 3 шидо алғандықтан жеңісті қазақстандық дзюдошы еншілепті. Ал, екінші айналымда Грузия елінің білектісі Адам Окурашвилиді вазари ұпайымен жеңіпті. Үшінші айналымға шыққанда жапонның атақты балуаны Харасауа Хисояши Ержанға қарсылас болыпты. Бірақ, белдесу барысында сылбырлық танытты деген желеумен үш шидо жерлесіміздің жеңісін жапон балуанына жұлып беріпті. Тәуекелшіл балуанды бұл жеңіліс жасытпады. Қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік берілетін жұбаныш белдесуіне қарсыласы Хаммо Якив шықпай қалып, қазақстандық балуанға қолаға таласуға жол ашылды. Қола жүлдені сарапқа салу үшін өткен белдесуде Е.Шынкеевтің айы оңынан туды. 100 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы Лукаш Крпалекті вазари ұпайымен тізе бүктіріп, қола медальды еншіледі.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button