Қарағанды

Ермағанбет Бөлекпаев жеңіл атлетикадан Азия чемпиондарымен кездесті

Төрт қарағандылық спортшы жабық ғимараттарда өтетін жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатында алтын алды. Спортшылар мен жаттықтырушыларды тамаша өнер көрсетуімен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтап, әрқайсысына миллион теңгеге ақшалай сертификат табыс етті.

Азия чемпионаты алғаш рет Қазақстанда – Астанада өтті. Оған 31 елден 500-ден астам мықты спортшы қатысты. Жарыстың үш күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Республиканың алты алтын медалінің төртеуін қарағандылықтар жеңіп алды. Давид Ефремов, Вячеслав Земс, Аделина Земс және Кристина Кондрашова ерекшеленді.

Өңір басшысы спортшылардың жетістіктерін атап өтіп, оларға одан әрі жеңістерге қол жеткізуді тіледі.

– Қарағандыдағы жеңіл атлетика мектебі әрдайым жақсы болған. Бұл барлығына қол жетімді спорт. Бүгінде көптеген балалар тегін айналысады. Сіздер ерекше нәтижелерге қол жеткіздіңіздер және жаңадан келген спортшыларға үлгі болдыңыздар. Мұнымен тоқтамаңыздар, көп нәрсеге ұмтылыңыздар! Ал біз өз тарапымыздан сіздерге барлық жағынан қолдау көрсетеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері 24 жастағы Давид Ефремов 60 метрге кедергілермен жүгіруде бірінші болды.

– Менде екі рет алдын ала жүгіруде фальстарт болған кезде ғана қиындықтар болды. Оған мен кінәлі емес едім, сондықтан толқуымды жеңіп, жеңіске жеттім. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлделеріне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнирге қатысу және жазғы маусымға дайындық жоспарлануда. Менің басты арманым – Олимпиада ойындарында өнер көрсету, – дейді Давид Ефремов.

Спортшының жеңісі – жаттықтырушының еңбегі. Давидтің жетістіктерінің артында жаттықтырушы Николай Барсанов тұр.

– Дайындық есебінен жеңіске жетті. Давид, әрине, дарынды жігіт, өзін батыл және табанды көрсетті. Бүгінгі кездесу – бұл біздің еңбегімізді, жетістіктерімізді бағалау. Өз елім мен қалам үшін мақтаныш сезімін оятады. Болашаққа үміт пен сенімділік арта түсті, – деп атап өтті Николай Барсанов.

Қарағандылық Вячеслав Земс Михаил Литвин, Эльнор Мұхитдинов және Андрей Соколовпен бірге 4×400 метрлік эстафетада Қазақстанға жеңіс әкелді. Бұл квартет елдің жаңа рекордын орнатты.

Сол эстафетада тек әйелдер арасында бірінші болып қарағандылық Аделина Земс пен Кристина Кондрашова шықты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Еркебұлан Хадылбек

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button