Қарағанды

Аймақ басшысы тұрғындарға газды қолдану қауіпсіздігін сақтауға шақырды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды газ қолдану қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Өңір басшысы Төтенше жағдайлар департаментіне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Сенбі күні Қарағандыда төтенше жағдай орын алды. Екі қабатты үйде газ баллоны жарылды. Мен газ қолданатын тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, өзіңізге және көршілеріңізге қауіп төндірмеулеріңізді сұраймын. Әр үйді мәжбүрлеп тексеруге біздің құқығымыз жоқ, сондықтан әркім де жауапкершілік сезімі болуы керек. Қауіп туындаған жағдайда дереу арнайы қызметтерге хабарласыңыздар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Суықта газ баллондары жиі қолданылады. Бұл өте қауіпті. ТЖД газбен қауіпсіз жұмыс істеу техникасын түсіндіруі қажет,- деп атап өтті облыс әкімі.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button